Ғабитов Т.Х.
Қазақ философиясы. – Алматы: Раритет, 2011. – 280 б.
Кітап ежелгі түркі әлемінде қалыптасқан дүниетанымдық үлгілерден бастап қазіргі кезеңдегі кәсіби философиялық деңгейге дейінгі аралықты қамтиды. Негізгі мақсат қазақ философиясының көп ғасырлық тарихында орын алған дүниетанымдық әмбебаптарға қатысты ғылыми түсініктердің көкжиегін кеңейту, оқушы қауымды мемлекеттік тілде философиялық сұхбатқа шақыру, шығармашылыққа баулу болып табылады. Зерттеу барысында қазақтың философиялық ойының тарихта сан қырлы сипатта көріну формалары сараптаудан өткізілген.
Басылым Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында дәріс алып жатқан студенттер мен магистранттарға қазақ философиясы бойынша қосымша құрал ретінде ұсынылады.
