Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Екі томдық/ҚазССР Ғылым акад. М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер ин-ты, Құраст.: М. Байділдаев, М. Мағауин. – Алматы: Жазушы, 1989. Т 2.-1989.- 496 бет.
1984-1985 жылдары 3 том болып жарық көрген «Бес ғасыр жырлайды» кітабы халыққа кең тарап кеткен еді. Оқырмандардың сұранысына орай бұл кітап енді 2 том болып, толықтырылып қайта басылып отыр. Екінші томға Ыбырай Алтынсариннен бастап Султанмахмұт Торайғыровқа дейін белгілі ақындардың шығармалары іріктеліп алынды.
