Жүсіпбек Аймауытов: қайраткерлігі, ағартушылығы, саяси көзқарасы

Каленова Т.
Жүсіпбек Аймауытов: қайраткерлігі, ағартушылығы, саяси көзқарасы. Монография. – Алматы: «Эверо» баспасы, 2014.-220 бет.

Жүсіпбек Аймауытов көпшілік оқырманға жазушы ретінде танымал. Ал оның қоғамдық-саяси қызметі беймәлім болып келді. Бұл еңбекте Ж. Аймауытовтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, яғни оның қоғам қайраткері болып қалыптасу эволюциясы, 1917-1930 жж. қоғамдық – мемлекеттік қызметі мен қуғындалу кезеңі республика көлеміндегі мемлекеттік мұрағат деректері мен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік мұрағат қорларының құжат материалдары негізінде тұтас қарастырылады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың творчестволық мұрасына жүйелі түрде тарихи талдау жасалынды.

Кітап тарихшыларға, жоғары оқу орны студенттеріне, және жалпы оқырман қауымға арналады.