Арғынбаев Х.
Қазақтың отбасылық дәстүрлері. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 2005. – 216 бет.
Бұл әйгілі ғалымның 20-30 жыл бойы ел арасынан, мұрағаттардан және баспа жүзін көрген әдеби мұралардан жинаған қыруар этнографиялық деректер негізінде жазылған тарихи-этнографиялық зерттеу еңбегі.
Кітапта қазақ отбасының өткені мен бүгіні, халқымыздың бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары терең қамтылған. Еңбектің басты мақсаты халықтың озық әдет-дәстүрлерін кеңінен насихаттау, одан ғибрат алуға үндеу, тозық дәстүрлерден аулақ болуға шақыру. Кітаптың ғылыми-танымдық маңызы, әсіресе қазіргі қазақ жастары үшін тәлім-тәрбиелік мәні зор.
