Бауыржан Момышұлы: өлендер, нақылдар, ой-өрнектер, әскери-патриоттық тәрбие туралы. 170 бет
Жинаққа данқты батыр, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының жастарды өнер-білімге шақырып, адалдықты, кішіпейілділікті үйретіп, еңбек етуге дағдыландырып, достық пен махаббатқа, Отанына деген ыстық сезімін, ықыласын арттыратын ерлік, патриотизм, еңбек, адамның асыл қасиеттері, ата-ана, ұстаз-шәкірт, дәстүр, тәртіп, тіл және т. б. туралы айтқан өлеңдері, нақылдары, ой-өрнектері мен әскери-патриоттық тәрбие туралы даналық сөздері еніп отыр.
Жинақ мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны студенттеріне, жеке отау иелеріне, жастарға, ата-ана, тәрбиеші-ұстаздарға және қалың оқырман қауымға арналған, философиялық-тәрбиелік мәні жоғары еңбек.
