Момышұлы Б.
Қанмен жазылған кітап. Ауд. М. Қазбеков.- Алматы; Қазақстан, 1991. – 400 бет.
Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысында бір ұрыста ауыр жарақаттанып, 1943 жылдың аяғында Алматыға келді. Ол академик Қ. Сәтбаев пен М. Әуезовтың өтініші бойынша ғылым академиясында ғылым, әдебиет және өнер қызметкерлері алдында әңгіме-лекция өткізеді. Москва түбіндегі ауыр Ұрыстарды өз басынан өткізген Момышұлы Панфилов дивизиясының жауынгерлік жолына, қатардағы жауынгерлердің психологиясына, өзі жинақтаған ұрыс тәжірибелеріне тоқталады.
Алты күн бойы орыс тілінде оқыған лекцияның стенограммасы батыр қолбасшының архивінде жарты ғасырдай уақыт сақталып келді. Алғаш рет халқына ұсынылып отырған бұл сирек мұрамен қатар, оқырман кітаптан Баукеннің соғыс жылдары Қ. Сәтбаевқа, А. Бекке, М. Әуезовке, академик А. М. Панкратоваға, М. Әбдіхалықовқа жазған хаттарымен таныса алады. Сонымен бірге 1943, 1944 жылдары Москвада Жазушылар одағында «Арпалыс» повесін талқылаған кезде сөйлеген сөздерінің стенограммалары, қазақ тілі туралы мақаласы мен жазушы архивінен алынған әңгімелер циклі беріліп отыр.
