Абайдың рухани мұрасы

Омаров. Д
Абайдың рухани мұрасы. – Алматы : “Ел-шежіре” баспасы, 2007.-264 б.

Кітапта Абай мұрасы оның өз өмір жолы арқылы саралана отырып, оны салауатты өмір салтына қолдану жаңаша көзқараспен беріледі. Абай ілімі бойынша адамның өз болмысын тануы, сана-сезімінің жетілу сатылары, имандылық сырлары баяндалады. Кітап оқу орындарында өзін-өзі тану, салауатты өмір пәндеріне қолдану үшін мектеп оқушыларына, студенттерге және өмірдің терең мағынасына үңілетін көпшілікке арналады.