Яссауи феномені

Яссауи феномені
Отбасы хрестоматиясы. /Авторлар: С.Керімбай, М.Төлеген, Ә.Нәби, А.Тасболат. Алматы: «Орхон» Баспа үйі, 2017. – 456 бет.

Кітапта Қожа Ахмет Яссауи жайлы тың қисса-аңыздар енгізілген. Хикметтері экзистенциялық формада жаңаша талданады. Ислам мен түркі мәдениетінің өзара синтезге түсіп, Түркі-Ислам өркениетінің қалыптасу жолдары баяндалады. Яссауи ілімі мен дүниетанымы жайлы толғанады. Тәуелсіз Қазақстанның 26 жылдағы әлеуметтік-рухани саласына экзистенциялық талдау жасалады.

Кітап Яссауи дүниетанымына қызығушы оқырмандарға, ізденушілерге, зерттеушілерге арналады.