Байдербес F.
Ржев шайқасының қаһармандары./ Ғалымжан Байдербес. Ақтөбе, 2015.-260 б.
«Ржев шайқасының қаһармандары» кітабында – 1942 жылдың желтоқсанында Ақтөбе қаласында жасақталған 101 ұлттық дербес атқыштар бригадасының жорық жолдары сөз болады. Өмір мен өлім белдескен сын сәттегі 100-101-дің сарбаздарының тұлғалық-адами бейнелерін ашатын деректі оқиғалар көрініс тапқан. Кітап бригаданың құрамында болған майдангерлер мен командирлерінің жазбалары, естеліктері және мұрағаттан алынған деректер негізінде жазылды.
Бұл кітап мектептердің оқушыларына, орта және жоғары оқу орындарының студенттеріне, тарихшылар мен зерттеушілерге, жалпы көпшілік оқырманға арналған.
