Қазақ халқының дәстүрлі материалдық мәдениеті

Егізбаева М.
Қазақ халқының дәстүрлі материалдық мәдениеті: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 152 б.

Оқу құралында қазақ халқының материалдық мәдениетіне жататын дәстүрлі баспанасы, киім-кешегі және тағамына байланысты мәселелер қарастырылады. Баспана түрлерінің қалыптасу кезеңдері, салыну тәсілдері мен техникасы, құрылыс материалдары және киім түрлері, оның жастық, жыныстық айырмашылықтары, жасалу технологиясы сияқты мәселелер жан-жақты зерделенеді. Сонымен қатар қазақ халкының тағамдану жүйесі шаруашылық жүйемен байланыстырыла отырып, ұлттық тағамдардың түрлері, оның ішінде ет, сүт тағамдарының маңыздылығы және дәнді-дақыл өнімдері мөлшерінің біртіндеп артуы сараланады. Кітапта тамақтану жүйесіндегі ас қабылдау мәдениеті, этикет, тағамның адам өміріндегі орны туралы айтылады.

Оқу құралы студенттерге, магистранттарға, этнология пәнінен дǝріс беретін оқытушыларға зерттеушілерге арналған.