Қазақ шешендігі философиясы

Раев Д. С.
Қазақ шешендігі философиясы: Оқу құралы. – Алматы: Қарасай, 2011. — 264 б.

Бұл оқу құралында қазақ шешендік сөз өнері философиялық құбылыс ретінде мойындала отырып, ондағы болмыстық, танымдық мәселелер, рухани этнотәрбиенің негіздері қарастырылады. Аталған жұмыс қазақ шешендік сөздерін әлеуметтік-философиялық жағынан талдауда отандық философиядағы алғашқы ғылыми-әдістемелік еңбек болып табылады. Оқу құралында қазақтың шешендік сөз өнеріне әлеуметтік философия тұрғысынан талдау жасауға баулу, ондағы этикалық, аксиологиялық мәселелер мен ұстанымдар, ғұрыптық нормалардың этикалық мазмұнын сараптау тәжірибесін қалыптастыру, олардың қоғамның әлеуметтік-саяси өміріндегі орны мен ролін анықтау және қазақ шешендігіндегі рухани құндылықтар әлемінің құрылымдық жүйесін айқындау арқылы ұлттық философияның әлемдік философиядағы орнын белгілеу рефликсиясын орнықтыру мәселесі пайымдалады.

Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы бакалавларға, магистрларға, докторанттарға және орта арнайы оқу орындарының студенттеріне, сондай- ақ жалпы оқырманға арналған.