Байтұрсынов А.
Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы, «Ана тілі», 1992, 448 бет.
Ахмет Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың да иесі. Бұл кітапта сол оқулықтар мен методикалық құралдардың қолда бар басылымдарының текстері толық ұсынылып отыр. Сонымен бірге автордың қазақ жазуы (графикасы), емлесі, терминологиясы жайында жазған мақалалары, сөйлеген сөздері мен қазақ жеріндегі оқу-ағарту мәселелеріне арналған еңбектері де енеді. Бұлардың барлығы дерлік араб жазуынан қазіргі қазақ жазуына көшіріліп беріледі.
