Жұбанұлы Қ.
Қазақ тіл білімінің мәселелері / Құраст.: Ғ.Әнес. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. – 640 бет.
Қазақ кәсіби тіл білімінің негізін салушы профессор Құдайберген Жұбанұлының тіліміздің фонетикасы мен грамматикасын ғылыми тұрғыда сипаттаған тұңғыш ізашар зерттеулері, өз кезеңінің тіл құрылысына қатысты, атап айтқанда, алфавит пен емле, терминология мен оқулықтар жазу ісін сөз ететін еңбектері осы ғылыми жинақта түгел қамтылып отыр. Сондай-ақ кітапқа ғұлама ғалымның әдебиет пен өнер, оқу-білім мен мәдениеттің өзекті мәселелерін қамтыған мақалалары да енгізілді.
Басым бөлігі орыс тілінде және латын әліпбиінде жазылған ғылыми зерттеу еңбектерінің мәтіндері мұқият салыстырылып, түпнұсқа негізінде қайта қалпына келтірілді.
Бүгінгі ғылым үшін де маңызын жоймаған бұл асыл қазына-мұра тілші ғалымдарға және көпшілік тіл жанашырларына арналады.
