Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешендерін безендіру

Е. Байтиленова, Д. Байтиленова.
Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешендерін безендіру / Алматы: “Отан” баспасы, 2025. -136 б.

Кәсіпорынның, мекеменің және кешеннің ұзақ уақытта материалдық өндірістің нақты үлгісінде әрекет ететін негізгі қорлар өз бетінше еңбек құралдарының біркелкілігін білдіреді. Кәсіпорында әрекет ететін өнімді өндіруге арналған негізгі өндірістік қорлар және медицинада, сауда орындарында, емдеу орталықтарында және басқа да мекемелерде қызмет ету аясында әрекет ететін өндірістік емес қорлар болып жіктеледі.

Қонақүйде, туристік базада, кемпингте, мотельдерде туристерге қызмет көрсету аясында негізгі өндірістік емес қорлар әрекет етеді. Олар материалдық-техникалық базаны құрады және қызмет көрсетуде толық жиынтығын қамтамасыз етеді (автобаза, кір жуатын және басқа да қызмет көрсетуші шаруашылық).