Жоғары мектеп педагогикасы

Бұлақбаева М.К.
Жоғары мектеп педагогикасы: оқу құралы. М.К.Бұлақбаева. – Алматы: «Отан» баспасы, 2025. – 220 б.

Оқу құралында Қазақстандағы жоғары білімнің тарихы мен бүгінгі жағдайына қатысты қысқаша шолу жасалады, шетелде жоғары білім берудің даму тенденциялары талданады. Жоғары мектепте оқытудың педагогикалық проблемалары жүйелі түрде беріледі. Педагогикалық диагностика, антропология, оқытудың инновациялық әдістері, жоғары оқу орнының болашақ оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі сияқты бөлімдеріне баса назар аударылған.

Оқу құралы жоғары оқу орны оқытушыларына, магистранттары мен докторанттарына, білім жетілдіру факультеттерінің тыңдаушыларына арналған.