Отбасы тәрбиесінің педагогикасы

Айтжанова Р.М., Мирза Н.В.
Отбасы тәрбиесінің педагогикасы. – Алматы: “Отан” баспасы, 2025. – 164 бет.

Оқу құралында отбасы педагогикасының жалпы сұрақтары қарастырылып, өмір сүру кеңістігі ретіндегі неке мен отбасының негізгі психологиялық-педагогикалық заңдылықтары қарастырылады. Өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, жастарды отбасын құру мен өмірге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, отбасы мүшелерінің толық бақытты болуына әсер ететін факторлар мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасқа түсуі, Қазақстандағы отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері жан-жақты айқын көрсетіледі. Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады.

Беріліп отырған оқу құралы «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының студенттеріне, әлеуметтік және білім беру саласында қызмет ететін мамандарға арналған.