Тебенова Қ.С.
Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы / Оқу құралы. – Алматы: “Отан” баспасы, 2025. – 160 бет.
Ұсынылып отырған оқу құралында есту, көру және сөйлеу мүшелерінің құрылысын, қызметтері мен аталмыш құрылымдардың кемістіктерін медициналық және клиникалық тұрғыда толық қанды оқыту мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар дамуын да мүмкіндіктері шектеулі балаларда есту, көру және сөйлеу ағзаларының анатомиясы, физиологиясы, патологиясымен қатар аталмыш сезім мүшелерін әр алуан зерттеу арнайы әдістері ұсынылған. Оқу құралы есту, сөйлеу және көру талдағыштарына қатысты бұзылыстарының патологиялық даму көріністерімен, клиникалық белгілері мен таныстырады. Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің құрылысында және қызметінде ақаулары бар балаларды анықтап, олар мен медициналық- педагогикалық түзету жұмыс ұйымдастырып жұргізу мен тәрбиелеуде белгілі бір педагогикалық жұмыс жүйесін қолдануға ықпал тигізеді.
Оқу құралы «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша «Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасына және тақырыптық жоспарына сай өнделді.
