Қонақбаева Ұ.Ж.
Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру (оқулық). – Алматы: «Отан» баспасы, 2025. – 325 бет.
«Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру» оқулығы кәсіптік оқыту және педагогикалық бағыттағы мамандықтардың бакалаврлары үшін арналған қажетті мәліметтерді қамтиды. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқыту заман талабы, сол себепті болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлау маңызды. Оқулықта бейіндік оқытудың барлық өзекті мәселелері қамтылған. Біз өз жұмысымызда 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы мен бейіндік білім беру тұжырымдамаларын және оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру пәнінің типтік оқу бағдарламасын оқу үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін негізге алып отырмыз.
Оқулық кәсіптік оқыту және басқа да педагогикалық мамандықтағы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналады.
