Мектепалды балаларының еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастырудың теориясы мен әдістемесі

Жиенбаева С.Н.
Мектепалды балаларының еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастырудың теориясы мен әдістемесі/Монография. – Алматы: «Отан» баспасы, 2025. – 284 бет.

Монографияда мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастырудың теориялық- әдіснамалық негіздері баяндалған. Автор өзінің көп жылдық ғылыми зерттеу жұмысының және жеке тәжірибесіне негізделе отырып, қазіргі таңдағы мектепке дейінгі және бастауыш мектепте балаларды еңбекке баулуда іс- әрекеттік, жеке тұлғаға бағдарлану, құндылық тұғырын басшылыққа алып сабақтастықпен ұйымдастырудың жолдарын көрсетеді.

Кітап педагогикалық оқу орындарының оқытушыларына, магистранттарына, студенттерге және мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектептің мұғалімдеріне көмекші құрал бола алады.