Г.С.Оразаева, С.Ж.Өмірбек
Логопсихология. Оқу құралы / Г.С. Оразаева, С.Ж. Өмірбек Алматы, «Alash Book», 2024. – 197 б.
Оқу құралы логопсихология ғылымының теориядағы және тәжірибедегі замануи зерттеулердің деректеріне сүйеніп құрастырылды. Оқу құралында сөйлеу тілі бұзылған балалардың психологиялық ерекшеліктері, оларды анықтау және психокоррекциялық, педагогикалық көмек көрсету жолдары қарастырылады. Оқу құралында алғаш рет отандық авторлардың қазақ тілді балалардың онтогенез барысындағы сөйлеу тілінің дамуын зерттеу нәтижелері бойынша мағлұматтар беріледі.
Оқулық педагогика, психология бөлімінің студенттеріне, магистранттарына, арнайы мекемелердің мамандары мен логопедтеріне арналған.
