Қазақтың тарихындағы тұлғалар

Куралов А.
Қазақтың тарихындағы тұлғалар. Оқу құралы / А. Куралов, Р.Сакова, Р.Куралов – Алматы: Alash Book, 2024-219 б.

Оқу құралы «Тұлғатану» арнайы пәнінің бағдарламасы негізінде жасалды. Бұл бағдарламаға енгізілген 2700-ге жуық тұлға елімізге еңбегін сіңірген, әлемге танытқан және оның мақтанышына айналғандар. Бағдарлама «Қазақ ғалымдары», «Мемлекет және қоғам қайраткерлері», «Қазақ тарихындағы тұлғалар», «Қазақтың ақын-жазушылары», «Қазақтың өнер қайраткерлері», «Қазақ спортшылары» деген алты салаға жіктелген.

«Қазақ тарихындағы тұлғалар» саласы бағытына қарай 4 топқа бөлінді. 1. Қазақ хандары мен сұлтандары 2. Қазақтың би-шешендері. 3.Қазақ батырлары. 4. Тархан, датка, уан атақтарын алған қазақ батырлары.

Топтамаға негізінен өз халқы үшін жанқиярлықпен аянбай еңбек етіп, ел тарихында елеулі орны бар танымал тұлғалардың өмірі мен қызметі жайлы мәліметтер берілді.

Бұл оқу құралына әр бағыт бойынша А3 форматында көрнекі плакат беріліп отыр. Оларды мектеп кабинеттерін безендіруде көрнекілік ретінде пайдалануға болады. Әр плакатта ғылымның дамуына үлес қосқан тұлғалар хронологиялық тәртіппен берілді.