Кітапхана миссиясы


Кітапхана миссиясы


Кітапхана өз миссиясын заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру,  бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға көмек көрсету деп біледі.
Кітапхананың мақсаты – кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуге, оқырмандарды қажетті әдебиеттер мен ақпараттармен қамтамасыз етуге, университет профиліне сәйкес білікті кадрларды даярлаудың ішкі мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған.
Кітапхананың міндеті – сапаның халықаралық стандарттарға сәйкестігі, университеттің профиліне сәйкес қор құру, тиімді қызмет көрсету.


Кітапхана шежіресі


  • 1966 ж. Ақтөбе педагогика институтында  кітапхана ашылды.
  • 1967 ж. Оқу залы мен абонемент жұмысын бастады.
  • 1968 ж. Кітап қорымен толықтыру бөлімі ашылды.
  • 1991 ж. Бас оқу ғимаратында оқу залы ашылды.
  • 1997 ж.  Университеттің типтік кітапханасы  пайдалануға берілді.
  • 1999 ж. Кітапханада  автоматтандырылған  «ИРБИС»  бағдарламасы бойынша электрондық каталог құру жұмысы қолға алынды.
  • 2000 ж. Білім және ғылым Министрлігінің  2000 ж. №249 бұйрығына сәйкес ғылыми кітапхана ЖОО және колледж кітапханалары үшін  облыстық әдістемелік орталық  болды.
  • 2002 ж. Республикалық семинар өтті:  «ЖОО кітап қорын толықтырудың  жаңа технологиялары мен ақпараттық қамтамасыз ету».
  • 2004 ж. Қайта құру және кітап қорын бөлу жұмысы жүргізілді.
  • 2005 ж.  Кітап қорын қайта тіркеуден өткізу аяқталды.
  • 2006 ж. «Ақтөбе – кітапхана астанасы-2006» Секция «Білім қоғамындағы оқу мен оқу кітапханасы» атты Республикалық конференция өтті.
  • 2009 ж. ЖОО қауымдастығына мүшелікке өту.
  • 2010 ж. Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапханасын құруға қатысу.
  • 2012 ж. Университеттің жеке  электрондық кітапханасын құру.
  • 2012 ж. Ғылыми кітапхана «Ғылыми-техникалық ақпаратты ұлттық орталық» АҚ келісім-шарт жасалып, Springerlink, Web of Science, Polpred.com бұқаралық ақпарат құралдарына шолу жасау арқылы  интерактивті дереккөздерін пайдалануға мүмкіндік жасалды.
  • 2013 ж.  Қазақстан ұлттық  электрондық кітапханасымен шартқа отыру.
  • 2013 ж. ЖОО  қайта құру нәтижесінде кітап қорын қосу.
  • 2014 ж. Қазақстан ЖОО кітапханалар Ассоциациясына мүшелікке өту.
  • 2016 ж. «Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті  Ыңтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
  • 2017 ж. Университеттің кітапхана қорына «Эпиграф» мәліметтер базасының дерекқорын сатып алып, «Эверо» ЖШС мультимедиялық электронды оқулықты енгізуге қатысты.
  • 2018 ж. Университеттің  жастар үйінде  кітапхананың  смарт залы ашылды.
  • 2018 ж. Тұңғыш президент атындағы электрондық зал ашылды.
  • 2019 ж. Optima_A2 жоғарыжылдамдықты сканер алынды.
  • 2019 ж. Smart Arsu мобильді қосымшасына электрондық кітапхана енгізілді.
  • 2020 ж. Smart Arsu мобильді қосымшасы арқылы қарыз кітаптар тізімін қарау, шығу парағын толтыру жүзеге асырылды.
  • 2020 ж. Физика-математика және техникалық факультеті кітапханасында қолжетімді оқу залы ашылды.
  • 2023 ж. Жұбанов атындағы АӨУ университетің кітапханасын кейіннен Қазақстан Республикасы университеттерінің барлық кітапханаларында қолдануға болатын үлгілік кітапханаға айналдыру бойынша жобаға қосылды.
  • 2023 жылдың желтоқсанында RFID технологияларын кітапхана жүйесіне интеграциялау жұмыстары сонымен бірге мобильді оқырман карталарын тіркеу басталды.
  • 2023 жылдың 7 желтоқсанында Амангелді Айтала атындағы ғылыми-ақпараттық хабтың ресми ашылуы.
  • 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап трансформация нәтижесінде жеткен жетістіктеріне сай Ғылыми кітапхана мәртебесіне ие болып, маңызды құрылымдық өзгерістер жүргізді. Қызмет және даму бөлімі мен Зерттеушілерге қолдау көрсету офисі ашылды.


Құрметті оқырман!
Кітапхана қорымен танысу үшін біздің Электронды каталогқа өтіп, кез келген кілттік сөзді еңгізсеңіз болады, ал кітаптарды онлайн түрде оқу үшін Электронды кітапханамызға өтіңіз.

Кітапханамыздың бай қоры сіздің игілігіңіз үшін ашық!Кітапхана қызметіне байланысты сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса library-arsu@zhubanov.edu.kz электронды поштасына хат жолдасаңыз болады.

Біздің InstagramFacebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.