Мамыт А.А.
Халық ауыз әдебиеті: оқу құралы / А.А. Мамыт. Алматы: Дарын, 2024. – 146 б.
Оқу құралында қазақ халық ауыз әдебиетінің поэтикасы, жанрлық ерекшелігі зерделенеді. Ауызша шығарылған сөз өнерінің қалыптасып, дамуы халықтың рухани кемелденуі ретінде қарастырылады. Ауыз әдебиетінің шығу тегі мен жанрлық түрлері, көркемдік болмыс-бітімі, тарихқа қатыстылығы, түрік халықтарына ортақ сюжеттер, жазба әдебиетке игі әсері, зерттелу тарихы жеке-жеке тарауларда жан-жақты ғылыми сараланады.
Кітап жоғары оқу орындары филология факультетінің студенттері мен ізденушілеріне, жалпы қазақ халық ауыз әдебиетіне қызығушы қалың көпшілікке арналады.
