Джулаева А.М.
Бизнесті ұйымдастыру: оқу құралы / А.М. Джулаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2023. – 174 б.
Оқу құралы бизнесті экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде қарастырып, бизнес және оны ұйымдастыру үдерісі туралы кешенді көзқарас алуға мүмкіндік береді. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру-құқықтық базасын біліп-тануға, өз ісін құру шарттарын, принциптері мен кезеңдерін нақтылауға; бизнестегі бизнес идеялардың маңыздылығын және рөлін түсінуге, шағын инновациялық бизнестің айрықша ерекшеліктерін, бизнестің ресурстармен қамтылу үдерісін қарастыруға, бизнес-жоспардың мазмұны мен құрылымын, функцияларын ұғынуға, экономикалық шығындар мен пайданы есептеуді үйренуге, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің ең маңызды аспектілерін түсінуге, бизнестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін түсінуге мүмкіндік береді.
