Жәңгір ханның мол мұрасы

Бозымов Қ.
Жәңгір ханның мол мұрасы: Деректі-публицист. баян. / Қ. Бозымов. – Алматы: Альманахъ, 2022. – 191 б.

Бұл еңбек қазақтың соңғы ханы Жәңгір ханның билікке келгеннен кейін жүргізген саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағарту оркениеттілік бағыттағы реформалары туралы деректер мен дәйектемелерге сүйеніп жазылған. Еңбекте Жәңгірдің тұлғалық жақтары кеңінен көрсетілген. Сонымен бірге еліміздегі Жәңгір хан есімінің жаңғыруына байланысты тындырылған істер баяндалады.

Қолыңыздағы кітап қазақ тарихындағы күрделі де қайшылықты тұлға Жәңгір ханның артына қалдырған мол мұрасына, сонымен қатар Жәңгір ханның есімімен аталған Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің арғы-бергі тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне қызығушылық танытқан барша қалың оқырманға арналады.