Әдебиеттануға кіріспе

Поспелов А.Н., Николаев П.А., Волков И.Ф.
Әдебиеттануға кіріспе: оқулық / А.Н. Поспелов, П.А. Николаев, И.Ф. Волков. – Алматы: Дарын, 2024. – 451 б.

Қазақ әдебиеттану ғылымы қаншалықты қарыштап дамыды десек те, ана тілімізде ЖОО студенттеріне арналған «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің оқулықтары жоққа тән. Төл оқулықтармен қатар аударма оқулықтардың да жарыса қолданылуы табиғи құбылыс. Бұл аударма әдеби теориялық ұғымдарды болашақ филологтарға түсіндіруге арналған алғашқы талпыныстардың бірі.

Туынды қазіргі таңда қазақ әдебиетіне аударма саласында елеулі үлес қосып жүрген С.Әбілқасымұлының бұл 3-тәржімасы көптің қызығушылығын тудырып, болашақ зерттеушілерге әдебиет теориясын заман талабына сай зерделеуге үлгі болады деп есептейміз.

Магистранттарға, аспиранттарға, филология мамандықтарының оқытушыларына арналған.