Мақта үлгісіндегі иірілген жіп өндірісінде қалдықтарды пайдалану технологиясын әзірлеу

Нурмухамбетова Б.Т.
Мақта үлгісіндегі иірілген жіп өндірісінде қалдықтарды пайдалану технологиясын әзірлеу: монография / Б.Т.Нурмухамбетова. – Алматы: Дарын, 2024. – 116 б.

Монографияда мақтаны тазарту, шаңсыздандыру және қайта өңдеу, мақта иіру өндірісінің түзуші қалдықтарын мониторингтеу үшін технологиялық жабдықтардың жұмысына талдау жүргізілді. Мақта талшықтарын, соның ішінде қалдықтарды тазалау, шаңнан тазарту және қопсыту үшін дайындалған технологияға өндірістік сынақтар жүргізілді. Мақта иіру өндірісінің қалдықтарын пайдаланудың ұсынылған технологиясына экологиялық баға берілді.

Монография «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының білім алушылары мен магистранттарына арналған.