Қазақстан – спортшылар елі

Жолымбетов Ө., Құлназаров А.
Қазақстан – спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Сөздік-Словарь”, 2009. – 880 бет.

“Қазақстан – спортшылар елі” – елдің дене тәрбиесі мен спорттық тарихы, дамуы мен қазіргі жағдайы туралы энциклопедиялық анықтамалық. Анықтамалық елімізде кең тараған спорт түрлерінен, атақты спортшылар мен жаттықтырушылардың, спорт саласы бойынша ғалымдардың, ұйымдастырушылардың өмірінен, спорт бірлестіктерінің, халықаралық олимпиялық қозғалыстың шежіресінен мол мағлұмат береді. Осы мәліметтер фотолар, суреттер, сызбалар, кестелер және т.б. көрнекті материалдармен толықтырылды.

Энциклопедиялық анықтамалық еліміздің дене тәрбиесі және спорт саласының басшыларына, ұйымдастырушылары мен жаттықтырушыларға, спорт төрешілеріне, спортпен шұғылданушыларға, жалпы көпшілік оқырмандарға, жанкүйер қауымға арналған.