Ұлттық музыкалық аспаптар дайындау технологиясы. 2-бөлім

Ұлттық музыкалық аспаптар дайындау технологиясы:
Технология, сәндік қолөнер, музыка, тарих, мәдениеттану және сызу, мамандықтарына арналған кең көлемді оқу құралы. 2 бөлімнен тұрады. 2-бөлім. Адамқұлов Н.М., – Алматы: Эпиграф, 2017. – 332 б.

Бұл еңбек Қазақтың ұлттық саз аспаптарын жасау шеберлігіндегі мектептердегі жалпы орта білімге, мұғалімдерге, кәсіптік білім жүйесіне және жоғары оқу орындарына, сондай-ақ өнер сүйгіш қалың оқырман қауымға арналған оқу құралы ретінде ұсынылып отыр. Бұл оқу құралы анықтаманың қызметін де атқара алады. Оқу құралының құндылығы авторлардың он төрт жылдық ғылыми-теориялық және әдістемелік тәжірибесінің нәтижесінде жаңа технологиядағы жазбалардың, сызбалардың көмегімен «Қазақтың ұлттық саз аспаптары» түрлерін, тарихын, жасалу үлгісін барынша кеңінен, түбегейлі көрсетуге, түсіндіруге талпынғандығы.