Арын Е. М. және т.б.
Қазақстандағы ат спортының дамуы: Оқулық. / э.ғ.д профессор Е. М. Арын, а/ш.ғ.д., профессор Алмішев У.Х а/ш.ғ.д., профессор Т. К. Бексеитов. / Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 184 бет.
Кітапта ел қастерлейтін, мыңдаған жылдар бойы әсем жырлар мен әндерге арқау болып келе жатқан асыл түлік – жылқы малы жайлы зерттеулер қарастырылған. Атты, оның ішінде спортқа бейімделген жылқыларды баптау, азықтандыру, жарату сияқты дәстүрлер баяндалған.
Ежелден мал шаруашығымен айналасатын қазақ халқының жылқы аурулары, оларды емдеу шаралары, әдістері жөнінде де қызықты мәліметтер келтірілген.
Кітап тек жылқы өсірумен айналасатын мамандарға, сонымен қатар ат спортымен шұғылданатын жастарға, студенттерге, көпшілік қауымға да арналған.
