Негимов С.
Қазақтың сал-серілері. Ғылыми эсселер. – Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2005. – 128 бет.
Ұлтымыздың әдеби-мәдени өмірінде сал-серілердің рөлі айрықша болғаны мәлім. Олар бірнеше өнерді бір басына сәтті түйістіріп, тоғыстырған. Бұлардың өнерпаздық табиғатын таратып айтсақ, олар әрі ақын, әрі әнші-сазгер, әрі жыршы-әңгімеші, әрі орындаушы болған.
Бұл кітапта кезінде аты қазаққа мәлім болған, сөзі үш жүзге тәлім болған сал-серілеріміздің өнерпаздық өнерлі өмір жолы жайлы сыр шертіледі.
Еңбек әдебиетшілерге, өнер сүйген көпшілік оқырманға арналды.
