Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

Ақтымбаева Ә.С.
Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2023. – 200 б.

Бұл оқу құралы «Туризм» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Осы оқу құралы «050902 – Туризм» мамандығы жоспарындағы «Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру» пәні бағдарламасына сай құрастырылған. Бұл оқу құралында берілген семинарлық және тәжірибелік жұмыстардың тапсырмалары студенттердің өзіндік жұмыстарын жасауға көмектеседі.

Оқу құралы университеттер мен институттардың география және экономика факультеттерінің студенттеріне, туризм саласы бойынша қызмет ететін мамандарға арналған.