Кәсіпорынның сыртқыэкономикалық қызметтері

Оңдаш А.О.
Кәсіпорынның сыртқыэкономикалық қызметтері: оқу құралы / А.О. Оңдаш. – Алматы: Қазақ университеті, 2023. – 284 б.

Ұсынылып отырған оқу құралында кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметтері мен сыртқыэкономикалық байланыстарын заң және стандарт бойынша зерттеу, мемлекеттік және кедендік реттелуі, сыртқыэкономикалық қызметтердің түрлі салаларында келісім-шарттар жасау және дайындау, серіктестерді таңдау бойынша ұйымдастыру жұмыстары, экспорт-импорттық операцияларының түрлі аспектілері қарастырылады. Бұл оқу құралын оқу барысында студенттер кәсіпорындардың сыртқыэкономикалық қызметтерін жүзеге асыру іс-әрекетінің теориялық және практикалық мәселелерімен танысады.

Оқу құралы экономикалық, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық мамандықтарында оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және сырткыэкономикалық қызметтерді басқару және үйымдастырумен айналысатын барлық ізденісті мамандар мен оқырмандарға арналған.