Әдебиет және сын мәселелері

Нұрпейісов Н.Ж.
Әдебиет және сын мәселелері. Оқу құралы. Алматы: “Отан” баспасы, 2025. -180 бет.

Қазақ әдебиетінің тарихы және қазақ әдебиетінің сын тарихы пәндері бойынша дайындалған оқу құралында ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан қазақ әдеби сынының жай-күйі, оның өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар көп уақыттан бері қазақ әдебиетінің тарихы жайында, сол әдебиетке еңбегі сіңген тұлғалар жайында жазылған еңбектер де топтастырылып берілді.
Бұл оқу құралы қазақ әдебиетінің тарихы мен сын жанрын пән ретінде оқитын филология және өзге де өнер мамандықтарында оқитын студенттерге, жалпы төл әдебиетінің тарихы мен сынын біле түскісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.
«Әдебиет және сын мәселелері» деп аталатын оқу құралы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты әдістемелік кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылған.