Мектепке дейінгі педагогика

Жумашева Нұржауған Сарсеновна
Мектепке дейінгі педагогика – Алматы: “Отан” баспасы, 2025.- 239 б.

Оқу-әдістемелік құрал 6B01201-Педагог тәрбиеші және мектепке дейінгі білім беру әдіскері білім бағдарламасына арналған. Болашақ педагог тәрбиешілер ойын іс-әрекеті туралы мәселелерді шешуге құзыретті, әсіресе баланы еңбекке тартуға, оқу үрдісіне қызығушылығын арттыруда маңызды міндеттері шеше білуге, ата-аналарға отбасы тәрбиесі туралы кеңес бере білуге және педагогикалық ағарту жұмыстарын насихаттауға қабілетті болуы тиіс.

Студенттерді кәсіби тұрғыдан даярлауда мектепке дейінгі педагогика мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мәселелерін егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді.

Студенттер оқу барысында тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері мен маңызды заңдылықтарын және ойын түрлерімен танысып, жас ерекшеліктеріне қарай балалардың әр түрлі іс-әрекеттерін басқару дағдыларын меңгереді.

Оқу-әдістемелік құралдағы дәрістік материалдар мазмұны сегіз модульден тұрады. Мектепке дейінгі педагогика теориялық және практикалық тұрғыдан жүйелі және тереңдетіп оқытуды көздейді. Атап өту қажет, бағдарламада оқу және анықтамалық әдебиеттер ұсынылады.