Толеуов Е.С.
«Өнер тарихы»: Оқу құралы / Е.С. Толеуов, Д.М. Байгунова, Ш.Ж. Турдалиева – Алматы, «Alash Book», 2024-176 б.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының 5В090600 «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының студенттеріне арналған. «Өнер тарихы» таңдау компонентіне кіретін оқу бағдарламасы негізінде жазылды. Оқу құралында өнердің құбылыс ретінде пайда болуы, оның тарихи-мәдени тұрғыда дамуы, сондай-ақ өнердің түрлері мен қоғамдық мазмұнының адамзаттық дамудың әрбір сатысындағы атқарған міндеттері туралы білім қалыптастырып, заманауи талаптар негізінде мәдениет мекемелерінің қызметінде өнердің әлемдік, сондай-ақ ұлттық өнердің мұраларын қолдану жолдары қарастырылған. Оқу құралы Мәдени-тынығу жұмысы саласы мамандарына, ЖОО оқытушылары мен студенттерге, магистранттарға, сондай-ақ мәдени-тынығу жұмысы мәселесіне қызығушыларға арналған.
