Арифметика, алгебра және анализ бастамаларын оқыту әдістемесі

Рахымбек Д.
Арифметика, алгебра және анализ бастамаларын оқыту әдістемесі / Оқулық /Рахымбек Д. Алматы: “Отан” баспасы, 2025.- 432 б.

Оқулықта арифметика, алгебра және анализ бастамалары элементтерін оқытудың әдістемесі баяндалған.
Мұнда сандық жүйе, теңдеулер мен теңсіздіктер, функция, туынды және интеграл т.б. мазмұнды-әдістемелік бағыттардың ұғымдар жүйесін, теориялық зандылықтары мен қағидаларын мектеп математика курсына енгізу мүмкіндіктері және оларды оқытудың әдістемелік ерекшеліктері ашылған. Бұл құрал математика мұғалімдерін кез келген оқулықпен оқытуда әдістемелік тұрғыдан тиімді шешім қабылдануына, дұрыс бағыт бағдар ұстануына, мүмкіндік береді.

Оқулық университеттер мен педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және мектеп математика мұғалімдеріне арналған.