Математикадан олимпиадалық есептерді шешу

Кощанова Г.Р., Мамаева В.А.
Математикадан олимпиадалық есептерді шешу. Оқу құралы – Алматы: «Отан» баспасы, 2025. – 160 б.

Бұл оқу құралында математика курсының әртүрлі тақырыптарына байланысты олимпиадалық есептер ұсынылған. Әр тақырыпқа қатысты әдістемелік ұсыныстар беріліп, ұқсас есептердің шешу жолдары көрсетілген. Курс барысында олимпиадалық есептерді шешудің ерекше тәсілдері, теңдеулер мен олардың жүйелерін стандартты емес әдістермен шешу, сондай-ақ теңсіздіктерді дәлелдеу жолдары қарастырылады.

Бұл оқу құралы «Математикадан олимпиадалық есептерді шешу» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес математика білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттеріне арналып дайындалған.