Геология және гидрогеология

Аралбекова М.А.
Геология және гидрогеология: оқулық / М.А. Аралбекова. – Алматы: ТechSmith, 2025. -260 б.

Оқулық “Гидрогеология” оқу пәні бойынша профилі геологиялық емес университеттер мен өзге де жоғары оқу орындары үшін автордың өзі дайындап, атаулы оқу курсының типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Ол гидрогеология пәні негізгі оқу пәндерінің бірі болып табылатын жоғары оқу орындарының, олардың ішінде гидрология бағытындағы мамандар, мұғалімдер мен студенттерге арналған. Гидрогеология ғылымы геологияның бір саласы болғандықтан оқулықта геологияның негізгі түсініктері мен қағидаларын, Жер планетасының геологиялық даму құрылысы мен оның эволюциясы, құрамы және заңдылықтары мен мобилизм теориясы, геологиялық уақыт шкаласы, ашып көрсете отырып жерасты суларының біздің өмірімізде алатын маңызы, халық шаруашылығының көптеген салаларындағы пайдасы, ғылым ретінде гидрогеологияның теориялық (жер гидросферасының қалыптасуымен байланысты) және тәжірибелік (оның қағидаларының адам еңбегінің алуан түрлі саласында қолданылуындағы) мәні жайлы оқырмандарға терең де жүйелі білім беру мақсатын көздейді.

Оқулықта қабылданған терминология сақталып, терминдердің, түсініктердің қазақ тіліндегі тиісті баламалары берілген.