Турекулова Д.М.
Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігі: әдіснамадан тәжірибеге дейін: монография / Турекулова Д.М. – Алматы: TechSmith, 2025. – 216 б.
Монографияда мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасу негіздері, аймақтық бәсекеге қабілеттілік концепцияларының пайда болуының алғышарттары және ішкі және сыртқы мемлекеттік аймақтық саясаттың ерекшеліктері; Қазақстанның аумақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен тетіктері ұсынылған; ел аймақтарының өндірістік-экономикалық әлеуетіне, мемлекеттік даму бағдарламаларының орындалуына баға берілді; азаматтар мен бизнес-қоғамдастықтың өңірлік саясатты қалыптастыруға қатысу мүмкіндіктеріне талдау жүргізілді.
Монография барлық деңгейдегі студенттерге, зерттеушілерге, оқытушыларға, ғалымдарға, практиктерге, сарапшыларға және кеңесшілерге арналған.
Монография Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобасының (2019-2022) шеңберінде дайындалған, «Evidence-based policy» тұжырымдамасы негізінде Қазақстанның тұрақты дамуы контекстінде өңірдің бәсекеге қабілеттілігін басқару» тақырыбында, №АР08857332.
