Сәбден О.
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі: бағалау критерийлері мен арттыру жолдары: Монография. Үшінші басылуы. / Қошанов А.Қ., Құсайынов Б.Д., Дінішев Ф.М. және басқалары. Алматы: TechSmith, 2025. – 192 б.
Монографияда ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мәселесі кешенді түрде талданып, әлемдік экономикадағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін ұлттық, үлгілерін қалыптастыру параметрлері қарастырылған. Ұлттық жүйелердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі туралы теориялық бағыттардың эволюциясы берілген.
Жаһандық экономикадағы Қазақстанның макроэкономикалық сипаты ұлттық бәсекеге қабілеттілік концепцияларына баса көңіл аударылған. Әлемдік тәжірибедегі ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің сандық өлшемдер әдістемесі, осы құбылысты бағалау критерийлері егжей-тегжейлі қарастырылып, олардың жетістіктері мен кемшіліктері көрсетілген. Қазақстан экономикасының ұлттық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттары зерттелген. Қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бәсекеге қабілеттіліктің инновациялық-технологиялық құраушысы, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен оны жүзеге асыруға бағытталған жергілікті саясатты қалыптастыру мәселелері сөз болған.
Кітап мемлекеттік билік, экономика саласы бойынша ғылыми ұйымдар мен оқу орындарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жаһанданушы әлемдік жүйедегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мәселелерімен айналысатын көпшілік оқырманға арналған.
