Парманкулова П.Ж.
Дуальды білім беру жүйесінде инклюзивті оқытуға болашақ педагогтарды даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздері / Монография. Парманкулова П.Ж. – Алматы: «KEMEL KITАР» баспасы, 2023. – 195 бет.
Елімізде қалыптасқан еңбек нарығы өз міндеттерін сапалы және жауапкершілікпен орындайтын, құбылмалы экономикалық жағдайларға жылдам бейімделетін ұтқыр педагогтарды, әсіресе денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі білімгерлерді оқытатын педагогтарды қажет етеді.
Монографияда дуальды білім беру жүйесінде инклюзивті оқытуға болашақ педагогтарды даярлаудың теориялық, концептуалдық және әдіснамалық негіздері анықталды, қазіргі жағдайы сараланып, құрылымдық моделі ұсынылды.
Монографияда қол жеткізілген нәтижелерді жоғары оқу орындарының білім беру жүйесінде, колледждердің оқу-тәрбие үдерісінде, педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау орталықтарында және қосымша білім беру саласында пайдалануға ұсынылады.
