Муратова Г.Е.
Әйелдер жеңіл көйлегінің негізін құрастыру: оқу-әдістемелік құрал/ Г.Е. Муратова – Алматы, Альманахъ, 2023 – 56 б.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал «Киімді құрастыру» пәнінен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнаулы пән оқытушылары және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы студенттері үшін дайындалған. Оқу-әдістемелік құралда дәріс сабақтар мен практикалық сабақтарының негізгі жағдайы берілген. Студенттердің материалды жан-жақты және терең меңгеруі үшін лекция, кестелер, сызбалар, толтыру үшін кесте, өз-өзін тексеру үшін дайындық сұрақтар, тест сұрақтары, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру үшін әдістемелік нұсқаулар берілген.
