Таубаева Ш. Т., Мақсұтова И.О.
Дидактикадағы инновация: оқу құралы / Ш.Т. Таубаева, И.О. Мақсұтова. – Алматы: Дарын, 2024. – 377 б.
Оқу құралы мазмұнында дәстүрлі және инновациялық дидактика, дидактикалық зерттеудің әдіснамасы мен педагогтің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қарастырылған. Педагогика саласында ғылыми ізденістердің мәнін, құрылымын, қызметтерін қарастырғанда ғылыми-педагогикалық таным үдерісінде белсенділік танытатын зерттеушінің субъектілігіне аса көңіл бөлінген.
Оқу құралы 2016-2017 оқу жылынан бастап республиканың жоғары оқу орындарында тәжірибеден өтті.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, докторанттарына, магистранттарына, студенттеріне, ғылыми қызметкерлеріне, сонымен қатар, мектеп пен педколледждің зерттеуші мұғалімдеріне арналған.
