Институционалды экономика

Даулиева Ғ.Р.
Институционалды экономика: оқу құралы / Ғ.Р. Даулиева. – Алматы: Қазақ университеті, 2023. – 140 б.

Институционалды экономика мемлекетпен заңдастырылған институттарды зерттеумен қатар, адамдардың күнделікті іс-әрекетінде орын алатын заңдастырылмаған ережелерге де назар аударады. Сондықтан экономикалық мамандықтарды дайындауда институционалды экономиканы оқыту, теориялық негіздері мен талдау әдіснамасын меңгерту құзыреттілікті қалыптастыру тұрғысында маңызды.

Оқу құралында институционалды теорияның негіздері, әдістемелік ерекшеліктері, экономикалық талдау құралдары қарастырылады. Оқу құралында әр тақырыптың соңында негізгі тұжырымдар, түйінді ұғымдар, бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары және реферат тақырыптары берілген.