Макашева М.С., Базарова А.У.
Фортепианоға арналған хрестоматия (педагогикалық репертуар): Оқу құралы / М.С. Макашева, А.У. Базарова – Алматы, Alash Book, 2024 – 122 б.
Фортепианоға арналған хрестоматия (педагогикалық репертуар) атты оқу құралында ноталық сауаттылық негіздері, аспапта ойнаудың алғашқы дағдылары, өз алдына жұмыс жасау әдістері жайында мәліметтер берілген. Ұсынылып отырған туындылардың сипаттамалары, баяндау стильдері, музыкалық және техникалық тапсырмалары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар берілген. Музыкалық материал қиындығына қарап бағыттылған тәртіппен орналасқан. Жинақта әр бөлімге арналған әдістемелік ұсыныстар бар, сондай-ақ қатысты түсініктемелер берілген. Хрестоматия ноталық сауаттылықты меңгеруге құрылымы келесі бөлімдерден тұрады: пьесалар, этюдтер, полифониялық туындылар, ірі нысандыға туындылар, фортепианолық ансамбльдер. Әр бөлім орындаушылық бағыттағы әдістемелік ұсыныстармен, музыкалық нотаны игеруге қатысты түсіндірмелермен нақтыланған.
Оқу кұралы «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша дәріс беріп жатқан фортепиано пәні оқытушыларына, жоғары және орта кәсіби оқу орындарының 6В01407 – «Музыкалық білім» мамандығында оқитын білім алушыларына арналған.
