Қазақ ұлттық музыка өнері арқылы студенттерді шығармашылыққа баулу

Султанова С.К.
«Қазақ ұлттық музыка өнері арқылы студенттерді шығармашылыққа баулу». Оқу-әдістемелік құрал / С.К. Султанова – Алматы, «Alash Book», 2024. – 70 бет.

«Қазақ ұлттық музыка өнері арқылы студенттерді шығармашылыққа баулу» атты оқу – әдістемелік құралы ҚР-сы білім беру мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарына сай жасалып техникалық және білім беретін ұйымдардың қабілетті студенттеріне арналған. Сонымен қатар ұсынылып отырған оқу әдістемелік құралы жалпы колледж, мектеп мұғалімдерімен қосымша пән оқытушыларына сабақ беру үрдісінде бағыт – бағдар көрсетіп қолдануға ыңғайлы құрал. Өскелең ұрпақ тәрбиесінде қазақтың ұлттық музыка өнерінің алатын орны зор. Өскелең ұрпақтың ұлттық музыка өнерімен айналысуы, жеке тұлғаның эстетикалық талғамын және эмоционалдық мүмкіндігін көтереді. Бүгінгі таңда ұлттық музыка өнерінің түрлерін (ән, күй, терме, жыр, айтыс, толғау, т.б.) олардың әрқайсысының жалпы ерекшеліктерін жаңаша технологияға салу бүгінгі күн талабы. Осы қойылған талаптарға сәйкес ретінде қазақтың ұлттық музыкасын жүйелі түрде дамыту барысында ұлттық код, ұлттық сана иірімдерін айқындай түсу және оны тереңірек меңгеру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.