Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Б.М.Жамекова, Ж.М.Адилова
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» – Алматы: «Отан» баспасы, 2025.-110 б.

Оқу құралында оқытудың технологиясының тиімді түрі модульдік оқыту технологиясы бойынша болашақ бастауыш класс мұғалімдерін даярлайтын оқу орындарына арналған сабақ үлгілері берілген. Сабақ барысында білім алушылар белсенділігімен әдістеме материалдарын меңгерту жолдары көрсетілген. Ойындарды тиімді пайдалана отырып, білім алушылар теорияны ғана емес, сонымен қатар іскерлік, дағды қалыптастыруға да мүмкіндік туады.
Көмекші құрал кәсіптік, техникалық оқу орындарының, педагог кадрлар даярлайтын оқытушылары мен болашақ педагог мамандарға, ұстаздар қауымына арналған.