Қазақ фольклоры жанрларының тілі

Керімбаева З.К., Керімбаев Д.М.
Қазақ фольклоры жанрларының тілі (лексикасы мен синтаксисі) / Алматы: «Отан» баспасы, 2025 -232 б.

«Қазақ фольклоры жанрларының тілі» атты бұл монографияға доцент 3.К.Керімбаева мен аға оқытушы Д.М.Керімбаевтың «Қазақ фольклорындағы жалқы есімдерінің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты», «Қазақ халық ертегілерінің синтаксисі» атты ғылыми еңбектері енгізіліп отыр. Бұл еңбектерде қазақ фольклорының әртүрлі жанрларында көрініс тапқан фольклорлық жалқы есімдер мен қазақ фольклорының прозалық жанры ертегілердегі жай және құрмалас сөйлемдер, төл сөзді конструкциялар талданады. Сол арқылы жай және құрмалас сөйлемдердің, төл сөзді конструкциялардың грамматикалық даму ерекшеліктері анықталады.

Монография тілші ғалымдарға, докторанттар мен магистранттарға, жоғары оқу орындары факультетінің студенттеріне, сонда-ақ тілсүйер қалың оқырман қауымға арналған.