Шоу-бағдарламаларды продюсерлеу және ұйымдастыру

Ормолдаева М.А., Байгунова Д.М., Жолдасбекова К.А.
«Шоу-бағдарламаларды продюсерлеу және ұйымдастыру»: оқу құралы. Ормолдаева М.А., Байгунова Д.М., Жолдасбекова К.А.- Алматы: «Alash Book», 2024. – 186 б.

Жоғары оқу орындарының студенттеріне «Шоу-бағдарламаларды ұйымдастыру» оқу құралы аудиторияда жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың негізінде дайындалды. Бұл оқу құралында шоу бағдарламалардың пайда болуы мен қалыптасу, даму тарихына шолу жасалады, шоу бағдарламалардың уақыт талабына сай кең таралып отырған түрлеріне сипаттама беріледі, олардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Сонымен бірге, оқулықта аталған шоу бағдарламалардың драматургиясы мен режиссурасының ерекшеліктері қарастырылады.